«№2 бөбекжай-бақшасының» бастапқы кәсіподақ ұйымы 

   

 

 

   Бүгінгі күні кәсіподақ – бұл қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғайтын,  әлеуметтік кепілдіктерді орындауға қол жеткізетін,  ұжымдағы микроклиматты жақсартатын ұйым.

       Қазіргі уақытта бастапқы кәсіподақ ұйымы мүшелерінің  саны 60 адамды құрайды.

    Кәсіподақ ұйымының мақсаты: жұмыскерлердің кәсіптік, еңбектік, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын, олардың денсаулықтарын, жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік мәртебесін қорғау.

       Міндеттері:

*Кәсіподақ мүшелерінің  мүдделерін ұсыну және қорғау, «№2 бөбекжай-бақшасы» жұмыскерлерінің әлеуметтік қорғалуын арттыру  бойынша кәсіподақ ұйымының жұмысын жандандыру;

*балабақша жұмыскерлерінің әлеуметтік проблемаларын шешуде әлеуметтік серіктестікті дамыту;

*балабақша жұмыскерлерінің  материалдық жағдайын жақсартуға, денсаулықтарын нығайтуға, олардың біліктіліктерін арттыру үшін жағдай жасауға, бос уақыттарын өткізуге көмек көрсету;

*ынталандыруды арттыру және кәсіподақ сезімін нығайту бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдауды жүзеге асыру;

*кәсіподақ ынтымақтастығын нығайту және дамыту.

 

gallery/svmhfq7uzk0